Жыл сайын 1 қазаннан 1 қарашаға дейін қайырымдылық айлығы өтеді. Мектеп директоры Н. А. Шиганакованың басшылығымен педагогикалық ұжым, ата-аналар, оқушылар белсенді қатысты. Жалғызбасты және азқамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету үшін педагогикалық ұжым біркүндік жалақысын қайырымдылық қорына аударды. Мектеп бойынша қайырымдылық ойдағыдай өтті. Атап өтсек, 8 «д» сынып оқушылары "Жүректен жүрекке" акциясына белсенді қатыса отырып, Бөрлі интернатына, Қарттар және мүгедектер үйіне 15 бума (киім, кітаптар т.б.) сыйлықтар тарту етті. Қарттар күніне жалғызбасты зейнеткерлер Л. А. Ермолаева, А. Юлдашеваның үйлерін жинастырып қажетті азық-түлік, жуу заттарын сыйлады. 7 «в» сынып оқушылары Зеленских отбасына барды. Зейнеткерлер оқушыларға алғыстарын білдірді. Олар оқушыларға өз еңбек жолы туралы әңгімеледі. Оқушылар мен үлкен кісілер арасында қызықты отырыс болды. XXI ғасыр жеткіншіктерін Зеленских отбасы аса құрметпен шексіз алғыстарын білдіріп шығарып салды. Үлкен кісілер оларға материалдық көмектен қарым-қатынас керек екенін айтты. 6 д сыныбы жалғызбасты, науқасты А. М. Лавриченконың үйін жинастырып, болашақта қолдан келер көмектерін беруге дайын екенін айтты. 6 г сыныбында «Қайырымдылық және ізгілік» атты ашық сынып сағаты өтті. Барлық оқушылар слайд арқылы жасалған викторинаға, қызықты көріністерге белсенді қатысып осы сынып сағатын естен кетпейтіндей етіп өткізді. Қайырымдылық жасау ешқашанда кеш емес. Мектепте «Дөңгелек үстел» өтті. Барлық сыныптарда «Қайырымдылық шектен тыс көп болмайды» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақтар өтті. Мектептің әр мұғалімі өз оқушыларымен тарихымыздың қайғылы оқиғалары куәгерлері болған азаматтарды ардақтау, қарттылықты сыйлауға, жақын адамдарға сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу және аз жүректі сезімтал адам болуға тәрбиелік маңыз бар акцияға қатысты.
|